Azattyq Ruhy тілшісі қазақстандықтардың пікірін білді
Алматы қаласының тұрғындары Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға қандай депутаттар сайлануы керектігі туралы ой білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда Президент VII шақырылымдағы Мәжілісті тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы шығарды. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурыз күні өтеді.