Ол ширек финалда латвиялық спортшыны жеңді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина карьерасында алғаш рет Мельбурндегі Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Үлкен Дулыға турнирінің ширек финалында Рыбакина екі сетте латвиялық Елена Остапенконы жеңді. Есеп: 6:2, 6:4.
Алғашқы сетте Қазақстан 1 мәрте есе жіберіп, 2 рет басым түсті. Екінші сетте Рыбакина 0:2 есебімен ұтылып жатып, бәсекелесін шаң қаптырып кетті.
Енді финалға шығу үшін Рыбакина Джессика Пегула (АҚШ) мен Виктория Азаренконың (Беларусь) жұбының жеңімпазымен ойнайды.