Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр
Алматыда оқушының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Қалалық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, оқушыны өлтіру фактісі Алатау ауданында тіркелген. Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
«Күдікті ұсталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр», - дейді полицейлер.
Айта кетері, осы қылмыс үшін сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.