Үндістанда жарық көрген телехикая қаралым жағынан алғашқылардың бірі болған
«ASTANA TV» арнасында жаңа үнді телехикасының тұсауы кесілмек. 23 қаңтардан бастап «Тағдыр талқысы» атты туынды көрерменге жол тартады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Үндістанда 2018 жылы жарық көрген телехикая қаралым жағынан алғашқылардың бірі болған. Көптің назарын өзіне қаратқан туынды отандық көрерменнің де жүрегінен орын табары анық.
Бұл туынды анасының өліміне кінәлілерді іздеген Кальянидің (Reem Shaikh), абақтыға жабылған Атул (Pankaj Vishnu) әкейдің, бұрынғы күйеуінің қызына қамқоршы болған Ануприидің (Poorva Gokhale) шытырманға толы оқиғаларын баяндайды.
Бір-ақ сәтте жақындарын жоғалтқан бойжеткен тағдырдың қатал сынына төзе ме? «Тағдыр талқысы» үнді телехикаясы 23 қаңтардан бастап, күн сайын кешкі сағат 21:55-те «ASTANA TV» арнасынан көрсетіледі.