Каспий теңізінің 2,5 жылда қаншалықты таязданғаны көрсетілді

Автор: Azattyq Rýhy

Мұндай видеоны желіде ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев жариялады

Фото ашық дереккөзден

Каспий теңізінің 2,5 жылда қаншалықты таязданғаны көрсетілді. Мұндай видеоны желіде ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сартас шығанағы, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің оңтүстік жағалауы. Бір кездері осында тұтас теңіз портын салу жоспарланып, тіпті инфрақұрылым салынып бастаған еді, бірақ бірдеңе дұрыс болмай жоба тоқтап қалды. Қазір Каспий теңізінің таяздануының куәсі болып, бір жағынан бұл жобаға ешқашан қаржы салмаған инвесторға аздап қуанып тұрмын. Видеоның айырмашылығы 2,5 жыл», - деп жазды блогер.

Тегтер: