Омбы-Майқапшағай бағытындағы күре жолда 14 адам қар құрсауынан құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар жақын маңдағы Үлкен Қаратал және Қаратал ауылдарына жеткізілді

Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында биіктігі 50 сантиметрге дейін жететін қар жауды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Боран салдарынан Омбы-Майқапшағай бағытындағы күре жолда көліктердің қатынауы қиындады. Жолға шыққан 14 адам қар құрсауында қалған. Арнайы техниканың көмегімен 6 көлік шығарылып, жолаушылар аман-есен құтқарылды. Олар жақын маңдағы Үлкен Қаратал және Қаратал ауылдарына жеткізілді.

 Ал «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері түні бойы республикалық маңыздағы автотрассаның жабық учаскесін қардан тазалап, жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмек көрсеткен. Таңғы сағат 7:30-дан бастап жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды.