Талғат Қалиев: Биліктің бейнесін сапалы түрде өзгертетін саяси бәсекелестік пайда болады

Автор: Azattyq Rýhy

Оның пікірінше, алдағы сайлау қоғамдық саясат институтын белсенді ете түседі

Фото ашық дереккөзден

Осы жылдың 19 наурызында Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директоры Талғат Қалиев сайлау өткізуді уақытылы деп есептейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бұл әрине, уақытылы өткізіліп жатқан сайлау. Бұл туралы алты ай бұрын Президенттің Жолдауы кезінде жарияланған болатын. Мұндағы логика Сенатқа сайлау аяқталды, енді Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға болады. Осы кезеңде олар (Мәжіліс және мәслихат депутаттарының бұрынғы құрамы) өздерінің тарихи миссиясын орындады. Мәслихат пен Мәжілісті қалыптастырудың жаңа тетіктерін неғұрлым тез іске қоссақ, жаңа саяси модель соғұрлым тез жұмыс істей бастайды. Облыстық мәслихаттар бір мандатты округтер бойынша 50%-ға, аудандық мәслихаттар 100%-ға, ал бір мандатты Мәжілісте 30%-ға қалыптастырылады», - деді Талғат Қалиев.

Оның пікірінше, алдағы сайлау қоғамдық саясат институты белсенді ете түседі.

«Бізде сайлаушылар алдында бір-бірімен тікелей бәсекелесетін және әр сайлаушының дауысы үшін күресетін саясаткерлер пайда болады. Бұл – Мәжіліс пен мәслихаттардың тәуелсіздігінің жоғары деңгейі. Онда шынайы саясат құралдары жұмыс істейді. Келісу керек, кейбір блоктарға қосылу керек, белгілі бір топтар мен альянстар құрылады. Яғни елдегі биліктің бейнесін сапалы түрде өзгертетін саяси бәсекелестік пайда болады», - деді сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда Президент жетінші шақырылымдағы Мәжілісті тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы шығарды. Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 наурызға Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады.