Australian Open: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Автор: Azattyq Rýhy

Осылайша, отандық теннисші турнирдің ширек финалына өтті

Фото ашық дереккөзден

Australian Open турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанның бірінші ракеткасы, Уимблдон-2022 жеңімпазы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің төртінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңіп, ширек финалға шықты.

Ойын екі бөлімде аяқталды, онда Рыбакина 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Елена Рыбакина карьерасында алғаш рет Австралия чемпионатының ширек финалында ойнайды.