Алматыда жемқорлық жасаған экология саласының лауазымды қызметкерлері ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың заңсыз әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әшкереледі

Фото ашық дереккөзден

Алматыда жүйелі түрде жемқорлық жасаған экология саласының лауазымды қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы басшысы орынбасарының заңсыз әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әшкереледі. Ол автокөліктерге экологиялық мониторинг жүргізуге қатысты құжаттарға қол қою үшін  кәсіпкерлерден 12 млн теңге пара алған.

Сондай-ақ, «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи парк» басшысы қолға түсті. Оның ағаштарды санитарлық бұтау, кесу бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін 1,5 млн теңге алғаны белгілі болды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.