Өткен тәулікте 70 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы 8 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан

Фото ашық дереккөзден

Өткен тәулікте 70 адамнан коронавирус инфекциясы, тағы 8 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhу.

21 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 835 адам коронавирус инфекциясынан (–1 681+ және 154 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 696 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 8 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.