Екі тарап Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін талқылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Аzattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Телефон арқылы әңгімелесу барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.
Тараптар сауда-экономикалық, энергетикалық және басқа да салалардағы байланыстарды одан әрі дамыта түсудің маңыздылығын атап өтті.