Францияда зейнетақы реформасына қарсы жаппай наразылықтар болып жатыр

Автор: Аягөз Құрмаш

Зейнетақы реформасы – Макронның негізгі сайлау бағдарламаларының бірі.

Франциядағы ең ірі сегіз кәсіподақ зейнеткерлік жастың 62 жастан 64 жасқа дейін көтерілуіне наразылық білдіруге шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Францияда Үкіметтің жоспарланған зейнетақы реформасына және зейнетке шығу жасын екі жылға арттыруға қарсы жаппай наразылықтар мен ереуілдер басталды.

Бейсенбіде көптеген бастауыш мектеп жабылды, қоғамдық - құқықтық телерадиокомпаниялар әдеттегі бағдарламадан бас тартты және тек музыка таратты, теміржол және қалалық көлік қозғалысы күрт шектелді.

Париж әуежайларында көптеген рейс тоқтатылды.

EDF энергетикалық концернінің қызметкерлері электр энергиясын өндіруді аздап қысқартты.

БАҚ мәліметтері бойынша, ереуілге TotalEnergies концернінің мұнай өңдеу зауыттарындағы жұмысшылардың 70-100 пайызы қатысады. Күннің бірінші жартысында Ницца, Марсель, Тулуза және басқа қалаларда демонстрациялар басталды. 200-ден астам қалада наразылық акцияларына жүздеген мың адам қатысады деген болдам бар.