Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады

Фото: Informburo.kz

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Астана қалалық сотының хабарлауынша, ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы басшысының қамаудағы мерзімі 17 қаңтардан бастап тағы бірайға ұзартылды.  

«2023 жылғы 17 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы А.-ға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», - делінген сот хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет министрлігінің бұрынғы басшысы, Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына және басқа да тұлғаларға аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру және құқықбұзушылық фактілері бойынша тергеу басталғанын хабарлаған болатын. Ол 2022 жылдың мамыр айынан бері қамауда отыр.