Өткен тәулікте елімізде 74 адам коронавирус жұқтырды

Автор: Azattyq Rýhy

КВИ жұқтырған 10 адамның жағдайы ауыр

Фото ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққандар жайлы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

20 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 949 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 156 пациент стационарда, 1 793 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 10 адамның жағдайы ауыр,
  • 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.