Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады

фото: ашық дереккөзден

21-23 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс жасамайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2023 жылғы 21-23 қаңтарда қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткіу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды», - деп көрсетті Мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

«Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Тегтер: