Бүгін Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың кей өңірінде жел күшейіп, тұман түседі

Фото: freepik.com

Синоптиктер 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.  Тек күндіз республиканың шығысында атмосфералық бөліктердің өтуіне байланысты аздаған қар жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республиканың оңтүстігінде жел күшейеді, тұман түседі, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Батыстан соғатын жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 25-27, күндіз 12-14°С аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 3-5°С аяз болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 1°С аяз болады.