Түнде және таңертең әлі де аяз сақталады
«Қазгидромет» РМК 19-21 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синоптиктер алдағы үш күнде еліміз бойынша жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын айтады.
«Қазақстанның синоптикалық жағдайына солтүстік-батыс антициклоны ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында қар жауады», - делінген хабарламада.
Температуралық фонда күрт өзгерістер болмауы мүмкін, түнде және таңертең аяз әлі де сақталады, бірақ күндізгі уақытта күн жылына бастайды.