Такси ақысын екі түйір сағызбен төлемек болған клиенттің әрекеті күлкіге қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Такси құны – 1500 теңге

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Instagram желісіндегі «Astana_sergek» парақшасында клиенттің такси ақысын екі түйір сағызбен төлемек болғаны жөнінде видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Такси құны – 1 500 теңге. Сіз соны екі түйір сағызбен төлегіңіз келіп тұр ма?» - деп жүргізуші сұрайды.

«Мен сізге 2000 теңге беріп тұрмын. Міне енді 3000 болды», - деп қалтасынан тағы бір түйір сағыз шығарады.

Ал желі қолданушылары бұл видеоға қатысты езу тартар түрлі пікір қалдырады:

«Ол бұл сағыздарды әуежайдан қымбатқа сатып алды», «Орбитке ақша құяйық», «Такси жүргізушілері ұяттан кеткен. Ол оған 3000 теңге беріп тұр. Жүргізуші мас па?!»