Өткен жылдан бастап 205 миллион гектар алаңда ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жүргізілді
Еліміздің жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп тозығы жеткен жерлерді, әсіресе елдімекендердің маңындағы жемшөп алқаптарын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабаралайды Azattyq Ruhy.
Бүгінде учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерге деген немқұрайлығынан эрозияға ұшыраған және эрозиялық-қауіпті ауыл шаруашылығы жерлерінің алаңы 90 миллион гектардан асады, оның 29,3 миллион гектары іс жүзінде эрозияға ұшыраған және одан әрі пайдалануға жарамсыз.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылдан бастап 205,4 миллион гектар алаңда ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жүргізілді, бұл республиканың 272,5 миллион гектар аумағының 75 пайызын құрады.
«Цифрлық ауыл шаруашылығы картасы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлерін қамтиды, контурлар, жол желісі, гидрография, инфрақұрылым объектілері туралы мәліметтермен толтырылып, жергілікті халықтың жайылымдарға байланысты проблемалық мәселелерін шешу үшін жерлердің жемшөп сыйымдылығы туралы ақпаратты қамтитын болады. Қажетті ақпарат көлемі бар цифрлық ауыл шаруашылығы картасы 2024 жылдың соңында аяқталады және ауыл шаруашылығы жерлерін одан әрі қайта бөлуге мониторинг жүргізу үшін негіз болады», - деді министр.