LIDER.KZ Алматы волонтерлер тобы ақпарат таратты
2022 жылдың күзінде Алматы мен Орал қалаларында жоғалып кеткен екі ер адам биыл қаңтар айында өлі күйінде табылды. Олардың өлімінің мән-жайы белгісіз. Бұл туралы Azattyq Ruhy Instagram желісіндегі LIDER.KZ еріктілер тобының парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
1979 жылы туған Баянбаев Асыл Берікұлы 2022 жылы 5 қазанда жоғалып кетті. Ол Еңбекшіқазақ ауданы, 4-саяжай, 1-жол көшесі мекенжайындағы үйінен шыққан. Содан бері ер адамды ешкім көрген жоқ. Жоғалған адамның денесі 14 қаңтарда табылды.
Ғазимов Альберт Мұратжанұлы 1992 жылы туған, Орал қаласында Саратов көшесінде тұрған. 2022 жылдың 28 қарашасында ер адам үйінен шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.