Алматыда «Цефтриаксон» препаратынан 18 адамның көз жұмғаны рас па – ДСМ жауап берді

Автор: Azattyq Rýhy

Ведомство аталған ақпаратты теріске шығарды

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда «Цефтриаксон» антибиотигін алғаннан кейін 18 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Препараттың дәріханалардан жаппай алына бастағаны айтылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі теріске шығарды.

«Цефтриаксонның» жағымсыз әсері салдарынан көз жұмған пациент туралы карт-хабарламалар (сары карталар) тіркелген жоқ. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне мұндай шағымдар түскен жоқ», – деп хабарлады ведомстводан.

«Цефтриаксон» – сепсис, менингит, инфекциялардың түрлері, пневмония және басқа көптеген аурулар кезінде тағайындалатын антибиотик.

Бұл препарат Қазақстанда лицензияланған және дәріханаларда сатылады.