Еліміз бойынша 2200 адам ковидтен ем қабылдап жатыр
Өткен тәулікте 70 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
15 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 200 адам коронавирус инфекциясынан (–2 051+ және 149 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 220 пациент стационарда, 1 980 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 7 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.