Тұрғын үйлердің бір бөлігінде бірнеше сағат жылу болмайтыны ескертілді
Екі әлеуметтік нысан уақытша жылумен жабдықтаудан ажыратылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС ақпараты бойынша, 15 қаңтар күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін ТК-4Л-ден Мәшһүр Жүсіп, 124 көшесіне қарай орамішілік жылу желісін ажыратады.
«Бұл жылу желісінде кран орнатылады. Осыған байланысты 20 көпқабатты және 106 жеке тұрғын үйде жылумен жабдықтау болмайды, сондай-ақ 14 заңды тұлға мен екі әлеуметтік нысанда жылу өшіріледі», - делінген компания хабарламасында.
Компания жылуды қосу уақыты шамамен көрсетілгенін айтады.