Қытайда бір айда коронавирустан 60 мың адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен жылдың желтоқсан айында Қытай билігі COVID-19 таралмауына қатысты қабылданған шектеу шараларының біразын алып тастаған болатын

фото: www.aa.com.tr

Қытайда бір айда коронавирустан 60 мың адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

2022 жылдың 8-желтоқсанынан 2023 жылдың 12 қаңтары аралығында елдегі медициналық мекемелерде COVID-19 індетінен 59 938 адамның көз жұмғаны анықталды. Бұл туралы 14 қаңтарда қытайлық ресми БАҚ-тар хабарлады.

Оның ішінде 5,5 мыңға жуығы коронавирус себеп болған тыныс алу жолдары ауруынан, ал 54 мың адамның өліміне COVID-19-дан басқа да ауруларының қозуы себеп болған. Көз жұмғандардың орташа жасы 80 жасты құрайды.

Тегтер: