Аяз, бұрқасын, жел: 15 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды

фото: sitv.ru

Қазгидромет РМК болжамынша бүгін еліміздің оңтүстік өңірлерінде аяз, ал солтүстік пен шығыста бұрқасын болады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының түнде батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде 14-15 қаңтарда облыстың солтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында 30-34 градус қатты аяз сақталады.

14-16 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде тұман, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 14 қаңтарда түнде облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында 25 градус қатты аяз сақталады.

Тегтер: