Тәттілердің арасынан 100 таблетка психотроптық заттар табылған
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторының қызметкерлері психотроптық заттарды өткізу фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел ақпаратты тексеру мақсатында №77 мекеменің сәлем-сауқаттарды тексеру бөлмесінде кәмпиттердің ішінен жасырылған ақ түсті таблеткалар табылды. Табылған заттың жалпы саны - 100 таблетка.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, тәркіленген психотроптық зат - трамадол. Тергеу-жедел тобы шақырылды, содан кейін тыйым салынған заттарды тәркілеу актісі жасалды», – дейді тергеу изоляторының бастығының міндетін атқарушы Елдос Нұржаубай.