Алакөлде жүргізуші көлігімен бірге суға батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Суға батқан жүргізушінің денесін бүгін таңертеңгі уақытты сүңгуірлер алып шықты

фото: ҚР ТЖМ

13 қаңтарда сағат 15:10 шамасында Алакөлдің үстімен өтпек болғанда мұз ойылып, жеңіл көлік суға батып кетті. Жүргізуші көліктен шығып үлгермеген, деп хабарлайды, Azattyq Rýhy.

Нива маркалы автокөліктің жүргізушісі жолаушымен Алакөл көлін мұз үстімен кесіп өтпек болғанда, мұз жарылған. Көлікте отырған жолаушы көліктен шығып үлгерген, ал жүргізуші суға батып кетті.

«Бүгін таңертең сағат 11-де Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен жер бетіне шығарды. ҚР ТЖМ күштері мен құралдары Абай облысының ҚОҚ 4 адам 1 техника бірлігі, ЖАО 25 адам 6 техника бірлігі тартылды», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

Тегтер: