Күдіктілерден тіркелмеген 2 мылтық тәркіленді
Жамбыл облысында рейдтік іс-шара барысында киік атқан ауыл тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«13 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК «Андасай» қаумалының инспекторлары мен Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлескен рейдтік іс-шара барысында Мойынқұм ауданы Құрманшейіт қыстауынан ақбөкенді заңсыз атқан Ұланбел ауылының екі азаматы ұсталды», - деп көрсетті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.
Күдіктілерден мотоцикл және тіркелмеген 2 аңшы мылтығы тәркіленді.
Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.