Тедди Ринер қазақстандық дзюдошылармен бірге жаттығу өткізді
Қазақстандық дзюдошы қыз Әйгерім Әбілқадірова әлемге танымал дзюдошы Тедди Ринерді жаттығуда шалқасынан құлатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін біз дзюдодан үш дүркін Олимпиада чемпионы және 11 дүркін әлем чемпионы Тедди Ринермен жаттығып жатырмыз. Достарыма Тедди Ринер дзюдоның аңызы ғана емес, мейірімді жүрегі кең адам екенін айтқым келеді. Жаттығу бірге қатысуға шақырғаныңыз үшін Тедди, сізге көп рақмет», - деп жазды Әйгерім Әбілқадірова Instagram парақшасында.