Қыс мезгілінде кейбір жүргізушілер көліктің мемлекеттік нөмірін тазалауға мән бермейді
Жүргізушілер көрілмейтін мемлекеттік нөмір үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл туралы Алматы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Айта кетейік, қыс мезгілінде кейбір жүргізушілер көліктің мемлекеттік нөмірін тазалауға мән бермейді.
Мұндай автокөлік жүргізушілеріне «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы, 1-бөлігі бойынша айыппұл салынады.
«Көрінбейтін немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін немесе көзделген орындардан тыс белгіленген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (белгісі) бар тіркелген көлік құралын басқару бес айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», - делінген мақалада.
Айта кетейік, 2023 жылы 1 АЕК 3 450 теңгеге тең. Осылайша, айыппұл көлемі 17 250 теңгені құрайды.