Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығу себебін арнайы зертхана мамандары анықтайтын болады

Фото ашық дереккөзден

Алматының орталығындағы  4 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

 Тілсіз жау үйге жапсарлас салынған бургер әзірлейтін нысан, сондай-ақ асхана ғимараты мен 3-ші қабатта орналасқан пәтерге тараған. Абай даңғылы мен Ахмет Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысындағы үйдің жанып жатқаны туралы хабар өрт сөндіру қызметіне 14:31-де түскен. Өрт сөндіру барысында 2 адам құтқарылды. Оның бірі –бала. Сондай-ақ 60 адам эвакуацияланды. 2 сағат арпалысқаннан кейін тілсіз жау толық сөндірілді.

 Оттан зардап шеккен пәтерлердің тұрғындары уақытша қонақ үйлерге жайғастырылады.

Өрттің шығу себебін арнайы зертхана мамандары анықтайтын болады.

Тегтер: