Премьер-министр өндірістегі жазатайым оқиғалар проблемасы қалай шешілетінін айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде мұндай оқиғалар азаймай отыр

Фото ашық дереккөзден

Премьер-министр Әлихан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа отырысында өндірістегі жазатайым оқиғалардың саны азаймай тұрғанын көтеріп, проблеманы қалай шешу керегін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Өкінішке қарай, өндірістегі жазатайым оқиғалардың саны азаймай отыр. Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қауіпсіздік талаптарының бұзылуына мұқият талдау жүргізу керек», - деді Әлихан Смайылов алқа отырысында.

Премьер-министр қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын өзектендіру қажеттігін айтты.