Хабарламаны елемеген тұрғындарға 103 500 теңге айыппұл салынады
Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында бірнеше жол учаскесіне шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ауа райының күрт боран мен көрінудің шектелуіне автокөліктің барлық түрі үшін төмендегі тасжолдарда:
Жол қызметтері күшейтілген режимге көшірілді.
«Трассаның жабылуы туралы хабарламаны елемеген тұрғындар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 30 AEK немесе 103 500 теңге айыппұлдан 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы бар екенін еске саламыз», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Қосымша ақпарат алу үшін «ҚазАвтоЖолдың» тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына 1403 қысқа нөмірі бойынша қоңырау шалу қажет.
«Республикалық трассалардың пайдаланушыларын ауа райы болжамын және жолдардың жабылуы туралы БАҚ арқылы таратылып жатқан арнайы хабармаларды жіті бақылауға шақырамыз», - дейді жол қозғалысына жауаптылар.