Тоқаев «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне бейнебайланыс форматында қатысады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Ертең, 13 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне бейнебайланыс форматында қатысады», - делінген хабарламада.

Саммит барысында дамушы елдердің мемлекет және үкімет басшылары қазіргі әлемнің өзекті мәселелерін шешу үшін күш-жігер біріктіру перспективаларын талқылайды.