Сенат депутаттары аталған ұсынымға қолдау білдірді
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар Жоғарғы Соттың үш судьясын қызметінен босату туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп бұл судьялар басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылуы керек екенін айтты.
«Мемлекет басшысының Жоғарғы Соттың судьялары - Салий Вячеслав Васильевичті, Ескендіров Асанды және Қадырбаева Айгүлді басқа қызметке тағайындалуларына байланысты қызметінен босату туралы» Мемлекет басшысының ұсыныстары назарларыңызға ұсынылды», - деді Денис Шипп.
Сенат депутаттары аталған ұсынымға қолдау білдірді.