Қарағандыдағы көпқабатты үйдегі өрттің шығу себебі белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Пәтерден жарылысқа әкелуі мүмкін газ құралдары мен басқа құралдар табылған жоқ

Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Қарағандыдағы көпқабатты үйдегі өрттің шығу себебі белгілі болды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«8-қабаттағы 3 бөлмелі пәтердің жатын бөлмесіндегі ашық от көзі өрттің себебі болып анықталды. Пәтерден жарылысқа әкелуі мүмкін газ бен басқа құралдар табылған жоқ. Жарылыс сияқты ықтимал дыбыстың естілуі зардап шеккен ер адамның 8-ші қабаттан көліктің төбесіне құлауы болуы мүмкін. Жарылыстың болмағаны едендердің, қабырғалардың және бөлмелердің бүлінбеуінен көрінеді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта барлық тұрғын өз пәтерлеріне оралды. Үйдің жылумен жабдықталу желісі істен шықпаған. Электрмен жабдықтау желісі қосылды.

«1979 жылғы зардап шегуші түрлі дене жарақаттарымен Қарағанды қаласының орталық ауруханасына түсіп, емделіп жатыр. Өрт болған уақытта және ауруханаға жатқызу кезінде зардап шеккен адам қатты мас күйінде болды», - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 10 қаңтар күні Қарағанды қаласында үйдің 8-қабатындағы пәтерден өрт шығып, 3 адам қаза тапқан болатын.