Елордадағы Алаш тас жолындағы көпір тағы да апатты жағдайға ұшырады

Автор: Әсел Оршыбекова

Аталған мәселеге қатысты елорда әкімдігі түісніктеме берді

Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Астанадағы Алаш тас жолындағы көпірдің жалғанған тұсындағы жері опырыла бастаған видеосы тарады. Аталған мәселеге қатысты елорда әкімдігі түісніктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Елордалық көпір (Горбатый мост – авт.) бұған дейін де апатты деп танылып, оның оң жақ бөлігінің жөндеу жұмысы 2 жылға дейін созылған еді.

«Көлденең асфальт бетон жабынының ішінара деформациясы жөндеу жүргізілмеген жол өтпесінің сол жағында орын алды. Осыған байланысты жол учаскесі жол белгілерімен белгіленіп, қалпына келтіру шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, жол-құрылыс жұмыстары маусымының басталуымен жол өтпесінің сол жағы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жабылады деп жоспарланды. Зақымдану орын алғанын ескере отырып, жол өткелінің сол жағындағы көліктердің қозғалысы жақында жабылатын болады. Соған қарамастан, автокөліктер үшін қозғалыс екі жаққа да қамтамасыз етіледі», - делінген әкімдіктің Instagram-дағы ресми парақшасындағы хабарламада.