13 қаңтарда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қос палатаның бірлескен отырысын шақырды

Фото: ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», - делінген бұйрық мәтінінде.