Талдықорғанда жылу қазандығында жарылыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Әкімдік қысқаша мәлімдеме таратты

Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы қазандықтардың бірінде болған жарылыс туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Taldykorganec.Insta Instagram парақшасында жарылыс орнында түсірілген видео жарияланды.

«Талдықорғанда қазандықтың жарылуы. 2 шағын аудан», - делінген видеоға.

Кадрларда терезелері қираған ғимаратты байқауға болады.

Өз кезегінде әкімдік «бір сағат ішінде барлығы қалпына келеді, резервтік нұсқа бар» деп мәлімдеді.

Видео: instagram.com/taldykorganec.insta_