Буча қаласындағы киіз үй: Ресей Қазақстаннан мәселені түсіндіруді сұрады

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Киіз үй Украинаға Қазақстаннан жеткізілген

Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова жергілікті журналистердің сұрағына жауап бере келе Қазақстанды Украинаның Буча қаласында тігілген қазақтың киіз үйлеріне қатысты түсініктеме беруге шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Солай бола тұра, Захарова «Қазақстан билігі бұл акцияға қатысымыз жоқ деп сендіргенін» мәлімдеген.

«Қазақстаның ресми тұлғаларының назарын ғаламторда пайда болған ақпаратқа аударттық. Бізді кейбір БАҚ өкілдері жазып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынына және Қазақстанның билігі бұл акцияға қатыспағанына сендірді. Ресей тарапының жақын серіктесіне сенбейтіндей негізі жоқ. Бұған қатысты жақын күндері ресми түсініктеме күтеміз», - деген Захарова.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Украинаның Буча қаласында «жеңілмейтіндердің пункті» ретінде қазақтың киіз үйі тігілген еді. Киіз үй Украинаға Қазақстаннан жеткізілген.