Астана халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр
Астана халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Белгілі болғандай, бүгін сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ұшып келуі тиіс 14 рейс, ұшып шығуы тиіс 9 рейс кешіктіріліп жатыр. Бұған әуе кемесінің кеш келуі себеп болған.
«Әуежайда қарды тазарту, оның ішінде ұшу-қону жолағында үздіксіз жұмыстар жүргізілуде. Өзекті ақпаратты авиакомпаниялардың call-орталықтарынан, сондай-ақ әуежайлардың анықтамалық орталықтарынан білуді сұраймыз», - делінген әуежайдың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.