Түнде қала көшелерінде барлығы 360 адам және 460 бірлік арнайы техника жұмыс істеді
Алматыда кешеден бері қар толассыз жауып жатыр. Қалада қардың қалыңдығы 15 см, таулы жерлерде -20-25 см-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
10 қаңтар сағат 23:00-ден 11 қаңтар сағат 06:00-ге дейін коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеген.
"Осы уақытта қала бойынша қар тазалаушы машиналардың 18 колоннасы қозғалды. Нәтижесінде 1260 текше метр қар шығарылды.
Түнде қала көшелерінде барлығы 360 адам және 460 бірлік арнайы техника, оның ішінде 204 сыпыру-жинау машиналары жұмыс істеді", - деп хабарлады Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.