Қызметтердің негізгі көлемі бюджет қаражаты есебінен орындалған
2022 жылдың үшінші тоқсанында еліміздің тіс дәрігерлері 32 миллиард теңгеден астам сомаға кызмет көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, қызметтердің негізгі көлемі, яғни 5,5 миллиард теңгеден астамы бюджет қаражаты есебінен, 23 миллиарды – халықтан түскен қаражат есебінен және 3,3 миллиардтан астамы – кәсіпорындардың қаражаты есебінен орындалды.
Өңірлік тұрғыда қызметтің ең көп көлемі Алматы қаласында көрсетілді – 8,7 млрд теңгеге. Алғашқы үштікке сондай-ақ елорда (7,1 млрд теңге) мен Шығыс Қазақстан облысы (1,3 млрд теңге) енді.
Ең аз қызмет Түркістан облысында көрсетілген – 336 508 мың теңге.