Үш адам көз жұмды: Маңғыстау облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апатының видеосы жарияланды

Маңғыстау облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнебақылау камерасы арқылы түскен видеода ZAZ Chance автокөлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, King long автобусына соқтығысқанын көруге болады.

ЖКО 9 қаңтар күні Ақтау-Ақшұқыр тас жолының 14-шақырымында болды.

«ZAZ Chance автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, King Long автобусымен соқтығысқан. Апат салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша Түпқараған аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы)», - деп хабарлайды Маңғыстау облысының полиция департаменті.