Өткен жылы 19 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларға 2023 жылы 8 652 адамға өңірлік квота белгіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 566 адамға жоғары, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұйрықтың мақсаты ҚР Үкіметі айқындайтын өңірлерде қандастар мен қоныс аударушыларды оңтайлы қоныстандыру. 2023 жылғы квота келесідей бөлінді:
Қандастар мен қоныс аударушыларды қолдау үшін қосымша субсидия түрінде көмек беру қарастырылған:
Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылдан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін 1 млн 107 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралды.
2022 жылы жалпы 19 178 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.