Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М. Қожабаевтың ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М. Қожабаевты ұстады.
Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», - делінген ҰҚК хабарламасында.