ШұғылӨткен аптада Қазақстанда коронавирустан 28 адам қайтыс болды

Кеңес Одағының соңғы маршалы көз жұмды

Дмитрий Язов Ұлы Отан соғысына қатысқан, КСРО Қорғаныс министрі болған

Мәскеуде Кеңес Одағының соңғы маршалы Дмитрий Язов қайтыс болды деп хабарлайды РИА Новости.

«Ресей астанасында 25 ақпан күні 96 жасқа қараған шағында ауыр науқастан Кеңес Одағының маршалы Дмитрий Тимофеевич Язов қайтыс болды», - делінген РФ Қорғаныс министрлігінің ақпаратында.

Язов Кеңес Одағының маршалы шеніне ие болған әскери жетекшілердің соңғысы. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. 1987 жылдың мамыр айынан 1991 жылдың тамызына дейін КСРО Қорғаныс министрі болды. Оның басшылығымен Қарулы Күштердің жауынгерлік тиімділігін арттыру жұмысы қолға алынған. Сондай-ақ, ол Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару жұмыстарына да басшылық етті.