Головкин әлем чемпионы атағын сақтап қалғысы келсе, міндетті түрде жекпе-жек өткізуі тиіс
Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин IBF титулына үміткер Эскива Фалькаоға қарсы жекпе-жек туралы 14 ақпанға дейін шешім қабылдауға тиіс. Егер қазақстандық боксшы бұл кездесуден бас тартса, онда орта салмақтағы екі үміткер Майкл Зерафа мен Эскива Фалькао бос қалған белбеу үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Boxingscene.com порталына сілтеме жасап.
Ереже бойынша, Головкин әлем чемпионы атағын сақтап қалғысы келсе, міндетті түрде жекпе-жек өткізуі тиіс.
Айта кетейік, қараша айында Зерафа Головкинмен Австралияда сынға түсуге келісіп қойғанын мәлімдеген болатын. Алайда Головкиннің менеджерлері бұл ақпаратты растаған жоқ.
Boxingscene.com жазуынша, Майкл Зерафа былтырдан бері Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келіп жүр.