Астанада үйрек атқан браконьер құрықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ақмола облысында үйрек аулау тамыздың соңғы сенбісі мен 30 қараша аралығында ғана жүргізіледі

Фото: qazfwc /instagram

Астанада үйрек атқан браконьер құрықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

5 қаңтар күні Instagram әлеуметтік желісінде ЖЭО маңындағы су қоймасында орын алған браконьерлік факт туралы бейнежазба тараған болатын.

Қазіргі таңда бейнежазбада көрсетілген бір адам ұсталды, ол Астана қаласының тұрғыны. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған екінші адамның жеке басы анықталуды. Құқық қорғау органдары екі азаматқа қатысты процессуалдық шешім шығаратын болады.

Тегтер: