$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Медициналық ЖОО студенттерінің стипендиясы жыл сайын 20%-ға көбейіп отырмақ

Бұл студенттердің жақсы оқуына қосымша серпін береді

Медициналық ЖОО студенттерінің стипендиясы жыл сайын 20%-ға көбейіп отырмақ
Фото: Газета.Ру

2025 жылға дейін медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне жыл сайынғы стипендияларды 20%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы республикалық бюджеттің есебінен 4700 білім беру гранты, оның 1500-і резидентура үшін бөлінген. Ал 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттің есебінен резидентура гранттарының санын 2500-ге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Сондай-ақ, Президент пен « AMANAT» партиясының тапсырмасы бойынша шәкіртақы айтарлықтай ұлғайтылды. Мысалы, бакалавриат үшін ол 2 есеге жуық, интерндерде 25%-ға, резиденттерде, магистранттарда, докторанттарда 2021 жылы 15%-ға ұлғайды.

«2025 жылға дейін шәкіртақыны жыл сайын 15% және 20%-ға ұлғайту жоспарлануда. Бұл жақсы оқуға қосымша серпін береді және біздің ЖОО-ларға мықты талапкерлерді қосымша тартады», - дейді ҚР ДСМ ҒАРД директоры Дәулет Алдыңғұров.

Келесі жылы дәрігерлер мен мейіргерлердің сондай санын оқыту жоспарланып отыр.

9 облыстың деректері бойынша 2023 жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2500-ге жуық дәрігерді, оның ішінде 43-і шетелде және 9 мыңнан астам мейіргерді оқыту жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары